Атырау, 7 қараша 01:22
 ашықВ Атырау -2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Алматы маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» Мәскеуге жіберілді

2 575 просмотра
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін мемлекетаралық авиациялық комитеттің сарапшылары тәуелсіз зерттеу жүргізуі үшін Алматы маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының  «қара жәшігі» Мәскеу қаласына жеткізілді.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында хабарланды.

Ұшақ апатында қаза болған ақмолалық азаматтардың денелері 30 қаңтарда Көкшетауға жеткізілді, Алматы қаласының  6 тұрғынының мүрдесі туыстарына берілді. Ал Қырғызстан азаматының денесін Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Бішкек қаласына жеткізді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2013 жылдың 29 қаңтарында Алматы қаласының әуежайы аумағында «Скат» авиакомпаниясының GRJ-200 әуе кемесі апатқа ұшырады. Ұшақ «Көкшетау-Алматы» бағыты бойынша ұшқан.

Ұшақ Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл Ту кентінің маңында, әуежайдың шығыс жағында құлаған. Ұшақ бортында арасында 1 бала бар 16 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған.

Дереккөз: inform.kz

31 қаңтар 2013, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.