Атырау, 11 қазан 16:53
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қорғаныс министрлігінің басқарма бастығы парамен ұсталды

2 353 просмотра

Қорғаныс министрлігінде кезекті тұтқындау! Ұлттық қауіпсіздік қызметі осы ведоствоның Қару-жарақпен қамту Бас басқармасының бастығы генерал-майор Алмас Әсеновті (суретте) қамауға алды.

Генерал 200 мың доллар көлемінде пара алған. Тек мұндай қомақты қаржыны кімнен, не үшін сұрағаны айтылмай отыр. Бұл Қорғаныс министрлігі қызметкерлері төңірегіндегі бірінші рет шығып отырған былық емес. 2009-шы жылы осы ведомствоның вице-министрі болған генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов та қамалған болатын. Ол Израильмен жасалған қару-жарақ келісіміне қатысты заң бұзушылықтарға жол берді, пара алды және өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Дереккөз: ktk.kz

31 қаңтар 2013, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.