Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Қылмыстық хроника

3 026 просмотра

21 қаңтарда Махамбет поселкесінің 64 жастағы тұрғынының өрістегі жылқысын ұрлап кеткен. Барымта жасады деген күдікпен оның 35 жастағы ауылдасы ұсталды, жылқының терісі мен еті тәркіленіп алынды.

***

22 қаңтар күні кешкісін Привокзальныйда орналасқан дәріханаға кіре берісте гирляндадан жасалған маңдайша ұрланып кетті. Ұрлық жасады деп күдіктелген Бірлік поселкесінің 32 жастағы тұрғыны іздестірілуде.

***

22 қаңтарда Құлсарыдағы орталық базарда кәсіпкер әйелден теріден жасалған 9 бөрікті ұрлап кеткен. 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, заттай айғақтар алынды.

***

23 қаңтарда күндіз Нәжімеденов көшесінде 22 жастағы ер адам ұсталды. Оның пакетінде нөмірі өшірілген Valtro маркалы тапанша болған. Сараптама тағайындалды.

***

24 қаңтарда таңертең Дамба поселкесіндегі үйлердің бірінің ауласында су полициясының қызметкерлері 310 келі жаңадан ауланған сазан мен 36,5 келі балық тапқан. Полицияға 41 жастағы қожайын әйел түсінік беруде.

***

24 қаңтарға қараған түні Авангардтағы супермаркеттен 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол құны 22,7 мың теңге тұратынвиски бөтелкесін қойнына тығып алып кетпек болған.

***

24 қаңтар күні таңертең Елтай поселкесінің маңындағы Атырау-Орал трассасында Индер АІІБ қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Фольксваген-Пассат» автокөлігін ұстады. Салоннан ілеспе құжаттарсыз 6 тонна қара балық табылған.

***

27 қаңтар күні тал түсте №17 теміржол разъезі маңындағы Атырау – Астрахан трассасында «Тойота-Карина» мен «Лада-Приора» автокөліктері бетпе-бет соғысты. Екі көліктегі 5 жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу ісімен Махамбет АІІБ айналысуда.

***

27 қаңтарда таңғы сағат 5-те «112» пультіне Атамбаев көшесінің бойындағы «Сервис-С» ЖШС-нің көлікжайы өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Өрт 1 сағат 20 минуттан кейін өшірілді. Өрт «Мицубиси-Галант» және «Хёндай-СантаФе» автокөліктері тұрған үш көлікжай боксын түгелдей шарпыған. Өрт себебі мен зиян мөлшері анықталуда.

***

27 қаңтарға қараған түні Атырауда отбасылық жанжал барысында 36 жастағы қала тұрғыны асүй пышағын күйеуінің ішіне тығып алған. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Әйел басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

25 қаңтарда Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінен ұзындығы бір метрден болатын 30 болат тұрба ұрланып кетті. Күдіктіге - 22 жастағы жұмыссыз тұрғынға іздеу жарияланды.

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.