Атырау, 11 қазан 10:32
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қолды болған 60 миллион

1 922 просмотра

Қызылқоға аудандық «Қазпошта» бөлімшесінің қызметкерлері «Қазпошта» салымшыларының есепшотынан жалпы сомасы 60 миллионнан астам теңге болатын қаржыны ұрлап, ауқымды түрде алаяқтық жасаған.

Істе тек кассирлер ғана емес, аудандық пошталық байланыс бөлімшесінің бастығы да бой көрсетеді. Тергеу болжамы бойынша, олар бірлесіп әрекет еткен: клиенттердің депозиттік есепшоттарынан ақшаны түсіріп алып, содан соң жалған құжаттар жасап, чек кітапшаларына өзгерістер енгізген. Бұл әрекеттер 2010 жылдан 2012 жылға дейін жалғасыпты.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) тергеу басқармасының бастығы Ерлан ЕГЕУБЕКОВТІҢ айтуынша, іс 176-бап («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу») бойынша тергеліп, сотқа жолданған.

Анастасия ПАСТУХОВА

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.