Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВТЫҢ айтуынша, 2012 жылы Атырау облысында 500 мың шаршы метр тұрғын үй берілген (2011 жылғы деңгейдің 86,1%-ы).
Құрылыстың үлкен бөлігін (400 мың шаршы метр) тұрғындардың өздері салған. 62 мың шаршы метрге жуығы мемлекет қаражатына салынса, 56 мың шаршыны коммерциялық құрылымдар тапсырған.
Бүгінгі күні облыс бойынша қанағаттандырылмаған 65 226 жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер берудісұраған өтініш тіркелген (көп жылдар бойы жиналғандар). 2012 жылы 3 038 жер телімі берілді.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА