Сот актілерін орындау жөніндегі департамент жүргізген тексеріс сот орындаушыларының борышкер «Kaefer» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 10 пайыздық орындау санкциясын өндіру бойынша шараларды қабылдамағанын анықтады. Облыстық прокуратура нұсқама енгізіп, қорытысында борышкерден 16 227 526 теңге сомасында орындау санкциясы өндірілді.
***
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қаңтарда сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін Атырау облысы әкімдігінің atyrau.gov.kz сайтында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Клара МҰҚАШКЕРЕЕВАНЫҢ онлайн-конференциясы өтеді.
***
ҚР Ұлттық банкі деректері бойынша, 2012 жылы Атырау облысының ЕДБ филиалдарынан 187,1 млрд теңге сомасына несие берілген – бұл 2011 жылғыдан 36,4%-ға артық. Заңды тұлғаларға несие беру 31,4%-ға артса (112,8 млрд теңгеге дейін), жеке тұлғаларға 44,7%-ғаөскен (74,3 млрд теңгеге дейін). 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен несиелер бойынша қарыз196 млрд теңгені құрады (2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 21,1%-ға артқан). Жеке тұлғалардың қарызы - 120,6 млрд теңге, заңды тұлғалардыкі – 75,4 млрд теңге.