Атырау, 25 қараша 08:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Салымшыларға оңай болмай тұр

2 657 просмотра

Нұрсая ықшам ауданында салынған екі бесқатарлы үй облыстың бұрынғы басшылары кезінде-ақ, өткен жылдың наурызында тапсырылуы тиіс еді. Содан бері мерзімдер бірнеше рет кері шегерілді.

Бұл хат редакцияның электронды мекенжайына келген еді:

- Мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жүзеге асырған «ҚР-дағы 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасының» қатысушысымын. Біздер банкпен шарт жасастық, оның талаптары бойынша тұрғын үй 2012 жылғы 31 наурызда қолданысқа берілуі тиіс болатын. Тапсыру мерзімі төрт рет өзгертілді, енді 2013 жылдың наурызына дейін ұзартылып отыр. Себептері туралы сұрасақ, облыстық әкімдік бұл бағдарламаны қаржыландырып отырған жоқ дейді. Бұл - өткен жылдың қыркүйек айындағы жауап. Қазір облыстық әкімдік біткен үйді қабылдамай жатыр деп жауап келді. Жағдайды түсіндіріп беріңіздерші.

Мәселені нақтыласақ, бесқатарлы үйдің екеуі де «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» салымдары бар адамдарға арналған Тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша салынған. Пәтерлерді алу тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесі бойынша қарастырылады, яғни, пәтердің шарттық сомасының белгілі бір пайызына ие тұлғалар сатып алушылар пұлы деп аталатын тізімге енеді. Мысалы, менің бір сұхбаттасушым жергілікті филиал дипозитіне 2005 жылдан 2008 жылға дейін ақша жинаған.

- Мен бұл кезеңде депозитке ай сайын 25 мың теңгеден салдым. Біреулерге бұл сома аз көрінуі мүмкін, алайда менің екі балам бар, жұмыс жасайтын жалғыз өзім, әке-шешем зейнеткерлер екенін ескерсек, бұл соманы отбасы бюджетінен қиындықпен жырып алдым. Ал 2008 жылы менде жаңа бағдарлама бойынша жаңа үйден пәтер алу мүмкіндігі бар екенін білдім. Шынын айту керек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілер маған бірнеше жыл күтуге тура келетінін ескертті. Бізге пәтер өткен жылы беріледі деп сөз берген. Әлі күтудеміз.

Бұл үйлердің 1 шаршы метр құны 90 мың теңге болған, бірақ өткен жылдан бері үкімет қаулысына сәйкес 112 500 теңгеге көтерілді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалының хабарлауынша, осы екі үйдің 180 пәтері салымдар бойынша өз міндеттемелерін орындаған клиенттерге таратылып берілген.

Несиелік талаптар мынадай: егер клиент салымдар бойынша өз міндеттемелерін орындаса, яғни, бірнеше жыл бойы депозитке ақша салып келсе, оған 4-5 пайыз мөлшерлемемен несие ресімдейді. Егер бұл есепшотты қазір ашқан жаңа клиент болса, ең жоғарғы 10 пайыз мөлшерлеме тағайындалады. Егер жаңа клиент тұрғын үй құнының 50 пайызын бірден салса, оны 7,5 пайызбен ресімдейді. Несиелеу мерзімі 9,5 жылдан 25 жылға дейін.

Қазір Алмагүл ықшам ауданындағы 3 бесқатарлы үйге өтінімдер қабылдануда.

- 1-2 бөлмелі пәтерлерге тізім жасалып болды, 11 ақпанға дейін 3 бөлмеліктерге өтінімдер қабылданады, - деді банк филиалында.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВТЫҢ айтуынша, Нұрсаядағы екі үйді қабылдаудағы кідірістер құрылыстағы кейбір олқылықтарға байланысты:

- Облыс әкімі бұрын қабылданған үйлердей құрылыстар қолданысқа енгізілмейді деген болатын, - дейді Қ. Тарбаев. - Ол қолданысқа енгізілетін тұрғын үйлердің сапасына қатал бақылау жасауды тапсырып, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі туралы ескертті. Бұл екі үй қолданысқа 2013 жылдың бірінші тоқсаны ішінде беріледі.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.