Атырау, 4 қазан 15:48
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Аудан жаңалықтары

2 284 просмотра

Жалақы алу арманға айналды

Қызылқоға ауданы Мұқыр селосының тұрғындары істен шыққан банкоматтардың кесірінен жалақыларын ала алмай жүр.  

- Таяу арада біз Мұқыр селосына және Миялы, Сағызға банкомат әкелуді жоспарлаудамыз. Бұл жалақы алу мәселесін шешеді деп ойлаймын, - деп хабарлады Қызылқоға ауданындағы пошта торабының бастығы Тілекқабыл ҒАБДУЛЛИН. 

***

Тұз көлі кәдеге жарады

Биылғы жылдың күзінде «Тұз» ЖШС натрий гипохлорид өндіруге кіріседі. Оның ерітіндісі медицинада кең қолданылады. 

2005 жылдан бастап ас тұзын өндірумен айналысып келе жатқан ЖШС жаңа өнімді шығару үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастап та кетті. Өндіріске қажетті 150 тонна тартатын 7 ваннаның монтаждау жұмысын аяқтауға көп күш жұмылдырылған.

ЖШС директоры Әбиірбек ТОҚТАРОВТЫҢайтуынша, қажетті технологиялар Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы әскери-өндірістік кешеннен сатып алынған. Зауыт іске қосылған жағдайда жылына 300 мың тонна гипохлорид шығарылмақшы. Бұл өнім Индер көліндегі тұз шығару кен орнында пайда болған қалған қалдық судан жасалады екен.

***

Қоян өсіру қолайлы

Облыс аудандарында қоян өсіруге құлшыныс байқалуда. Бұл кәсіп көп шығынды қажет етпейді, есесіне қоян еті өте дәмді әрі денсаулыққа пайдалы.

Исатай ауданындағы Тұщықұдық селосының тұрғыныЗекет ТОҒАШЕВ 7 млн теңге несие алып, егіс егуге арналған ауыл шаруашылығына қажетті техникаларын сатып алып, Ресейдің Астрахан қаласынан 100-ге жуық қоян сатып алып келген. Енді ол алдағы уақытта қаз өсіруді жоспарлап отыр.

Индерлік тұрғын Ернар БАЙГЕНЖИЕВ Германия және АҚШ-тың Калифорния штатынан келген қояндарды Ресейдің Самара қаласынан сатып әкеліпті. Жас жігіттер қоянды өсіріп қоймай, оның өнімін ұқсатуды ойластырған.

- Тек еті ғана емес, терісін өңдесе, қоян жоғары бағаға ие болады.Қоян етінің бағасы қымбат. Оның бағасы жылқы етінің бағасына жақындап қалады, - дейді қоян өсірушілер. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.