Атырау, 25 қараша 08:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бізге жол қымбат

3 445 просмотра

Жыл сайын облыс бюджетінен Ганюшкино-Балқұдық, Ганюшкино-Сүйіндік жолдарын және Ганюшкино селосының көшелерін тазартуға 27 млн теңге бөлінеді. Алайда, «Құрманғазы жолдары» ЖШС директоры Аслан БАЙМЕНОВТЫҢ айтуынша, бұл қаржы тек 50 шақырым жолды  ғана қалыпты жағдайда ұстауға әрең жетеді. Ал тағы 250 шақырым жолды қайтпек?

- Бізге жылына 27 млн теңге бөлінеді, біздің мекеменің міндетіне 300 шақырым жолды тазарту, жөндеу жұмыстары кіреді. Бірақ, аудандағы жол өте нашар. Сол жағынан да жылдық бюджет 50 шақырым жолды ғана қалыпты жағдайда ұстауға әрең жетеді, - дейдіАслан Байменов. – Бұл ақшаға жолды қардан тазартып, күнделікті жол күтімі жұмысын жүргізуіміз керек. Әрине, осыдан кейін халық Құрманғазы ауданындағы жолдардың жүруге жарамайтынына шағымданады.

Халық расында да жолдың күйсіз жағдайына шамданады.

- Күз бен қыс мезгілдерінде жолмен жүру мүмкін емес, - дейді Ганюшкино селосының тұрғыны. – Соңғы рет жолды жөндеу жұмыстары қашан жүргізілгенін еске түсіру қиын. Көліктерімізді жиі оңдататын болдық. 

Қыс басталғалы «Құрманғазы жолдары» ЖШС осы жылға қаржы бөлінбесе де, жолдар- дағы қарды тазалауға екі рет шыққан.

- Тендер тек қана наурызда өтеді. Бірақ, соған қарамастан біз ескі техникамен аудан жолдарын тазартуды жалғастырып келеміз, - дейді ЖШС директоры.

Бюджетте Құрманғазы жолдары үшін қаржы табылады деген үміт қалды, әйтпесе, адамдардың қар мен құм құрсауында қалуы ғажап емес.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.