Атырау, 23 қараша 13:50
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайықта үш адам ажал құшты

2 144 просмотра
Көрнекі сурет

18 шілдеде кешкісін «Атырау» ДСК аумағындағы жағажайда 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті.

Оқиға туралы хабарлама ТЖ басқару пультіне 20 сағат 15 минутта түсті. Сүңгуірлер жасөспірімнің денесін сағат 20.31-де алып шықты. Сол күні тағы екі адам - Геологта 38 жастағы ер адам және Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында балық аулайтын торға шырмалған 42 жастағы Өзбекстан азаматы суға батып кетті.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысында көктемнен бері 19 адам суға кеткен, оның алтауы бала.

Айнұр САПАРОВА

19 шілде 2021, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.