Атырау, 25 қараша 08:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алтын ұяға оралды

2 071 просмотра

Оқу жылының ортасында  №17 мектеп-лицейінің оқушылары өз парталарына қайта отырды. Ал аталмыш мектептегі жарты жылға созылған күрделі жөндеу жұмыстары таяуда ғана аяғына жетті.

Осы уақыт бойына балалар сабақты №№13 және 10 мектептерде оқып жүрді. Мектеп-лицей директоры Дариға БАЛТАБЕКОВАНЫҢ айтуынша, бұл мектептің 40 жылға жуық тарихында жүргізілген алғашқы күрделі жөндеу екен:

Каспий тұрба құбыры консорциумының көмегінің арқасында едендерді, есік блоктарын, ыстық-салқын сумен қамту және жылу жүйелерін ауыстырды, радиаторларды көбейтіп, жаңа кәріз тұрба құбырларын жүргізді, күзет және өртке қарсы дабыл жүйесінің құрылғысын орнатты, электрлі техникалық жұмыстар жасап, сантехниканы жаңартты, аулаға кеспе тастар төседі.

Бірақ 40 жыл ішінде жиналған нәрсені әп дегеннен жөндей қою қиын ғой.

Спорт алаңын жарақтап, аумақты абаттандыру керек, төбе жабындысы мектеп салынғаннан бері ауыстырылмаған, - дейді Д.Балтабекова. –Жөндеуден кейін жаңа парта мен орындықтарға отырғымыз келеді. Бәлкім, бюджеттен оларды ауыстыру үшін қаржы табылып қалар. Қалай дегенмен де, өз мектебімізге келгенімізге қуаныштымыз. Сәтті ұтыс билетіне ие болдық деп есептейміз.

Қазіргі уақытта №21 қалалық орта мектебінде және қала маңындағы Амангелді поселкесінің мектебінде КТК қаржысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.