Атырау, 25 қараша 08:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оnline режиміндегі оқу

3 893 просмотра

Атырау студенттері үшін үйде немесе кеңседе отырып-ақ жоғары білім алу Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қашықтықтан оқыту факультетінің ашылуымен мүмкін болды. Бүгінгі күннің өзінде университетте қашықтықтан 52 студент оқып жатыр. Жалпы алғанда, қашықтықтан оқыту түріне үш мыңнан аса студентті көшіру жоспарлануда.

- Қашықтықтан оқытуды енгізу – бұл уақыттың қойып отырған заңды талабы. Сырттай және кешкі бөлімдерде, негізінен, бұрыннан мамандықтары бар студенттер оқитыны баршаға белгілі жайт. Бұлар - колледж түлектері мен тағы бір жоғары білім алғысы келетіндер. Олардың барлығы дерлік жұмыс жасайды және жұмыстан қол үзіп, оқу сессияларына қалмай қатысу - бұл студенттер үшін  өзекті мәселе. Қашықтықтан білім беру студенттерге оқу бағдарламасын өздеріне ыңғайлы уақыт пен мезгілде интернет арқылы игеруге мүмкіндік береді. Университетке тек жылына 2-3 рет апталық емтихандық сессияларға келсе болды, - дейді Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің қашықтықтан оқыту факультетінің деканы Саламат ИДРИСОВ.

Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қашықтықтан оқыту факультетінің электронды порталында сабақтардың кестесі мен тізбесі ілінеді. Тьюторлар (студенттермен қашықтықтан жұмыс жасайтын оқытушылар) порталда online режимінде қатысып отырғаны жөнінде өз уақытында хабарлайды. Дәрістер тыңдаумен қатар, студенттердің оқытушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және кез келген уақытта онымен хабарласып тұруға мүмкіндіктері бар.

- Қашықтықтан білім беруде пәндерді оқыту әдістемесі әр түрлі. Негізінен, уақыттың көп бөлігі кәсіби циклдегі пәндерді оқуға бөлінеді. Сондай-ақ, оқу үдерісінде модульдік оқыту да қолданылады, бұл студентке бір оқу пәнін толықтай зерделеп, содан кейін басқа пәндерге көшуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Саламат Нұрмұханұлы. – Студенттің оқу бағдарламасын қалай меңгергені аралық тестілеулер барысында анықталады.

Қашықтықтан оқушылар оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалдармен, электронды-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта университет қолданыстағы 47 мамандықтың 42-сі бойынша қашықтықтан оқыту түрін ұсынып отыр. Қашықтықтан білім беру құны дәстүрлі сырттай оқудан 10-15%-ға төмен.

Алға қарай магистратура үшін де қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.