Атырау, 30 қараша 19:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 459.06
€ 503.77
₽ 5.16

АҚШ-та жаңа мемлекеттік хатшы тағайындалды

1 711 просмотра

АҚШ Конгресінің сенаты Джон Керриді мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындады. Барак Обама оның кандидатурасын былтыр 21 желтоқсанда ұсынған еді. 

Сенаторлар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Осы уақытқа дейін демократ Джон Керри АҚШ Конгресі сенатының Сыртқы істер жөніндегі комитет төрағасы лауазымында болған. 2004 жылы ол президенттікке сайлауға түскен еді. Алайда республикашыл Джордж Буштан жеңіліп қалған болатын. 69 жастағы демократ жаңа қызметіне бірнеше күннен кейін кіріседі. Жаңа мемлекеттік хатшы алда Таяу Шығыстағы мәселелерге көңіл бөлетін болады. Алайда ішкі  саясатта елеулі өзгерістердің болмайтындығын айтты.

Дереккөз: 24.kz

30 қаңтар 2013, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.