Атырау, 5 желтоқсан 09:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«ҚазМұнайГаз» ConocoPhillips-тен «Н» каспий теңіз жобасындағы үлесін сатып алды

2 904 рет қаралды

АСТАНА, 30 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Н Блок Б.В.» компаниясының 100% акциясын сатып алатыны туралы хабарлайды, деп хабарлады ҚМГ-ның баспасөз қызметі. 

2013 жылғы 25 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ («ҚМГ» және «КонокоФиллипс Петролеум Холдингз Б.В.» («КОФ») «Н Блок Б.В.» компаниясының  100%  акциясын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.  

Осы мәміле нәтижесінде ҚМГ Н жобасындағы жер қойнауын пайдалану құқығының 75,5%  және «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-дағы 75,5%  қатысу үлесін иеленді.  

Қол қойылған Н жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес ҚМГ 75,5% қатысу үлесімен және МДК (Ойл & Газ Н Блок Қазақстан) ГмбХ – 24,5% қатысу үлесімен жобаның қатысушысы болды.  

ҚМГ-нің Н жобасындағы үлесінің ұлғаюы Ұлттық компанияның Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз геологиялық барлау жобаларындағы  рөлінің күшеюі бойынша жоспарлы қадамын көрсетіп отыр.

Дереккөз: newskaz.kz

30 қаңтар 2013, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.