Алматы облысының Қапшағай қаласында «Трансстроймост» АҚ конкурстық басқарушысы банкроттық рәсімдерін жүргізуде.
Біздің облысымызда «Трансстроймосттың» қайғылы оқиғамен аты шыққан: 2009 жылдың 11 қыркүйегінде Мечников – Баймұханов көпірін салу кезінде құрылымның бір бөлігі опырылып, адамдар қаза болған еді. Бұдан басқа, компанияның басқалармен қатар атыраулық жұмысшылардың еңбекақыларын үнемі кешіктіретіндігі де белгілі. 2009 жылдың сәуіріне қарай «Трансстроймост» Атырау облысындағы өзінің 1 183 жұмысшысына 235 миллион теңге қарыздар болды. Сол жылдың жазында компания Алматы облысының ауданаралық экономикалық сотына оны банкрот деп тану туралы талап-арызбен шықты.
Қазіргі уақытта компанияның атыраулық 154 жұмысшыға қарызы 33 млн 22 мың 584 теңгені құрап отыр. «Трансстроймост» АҚ конкурстық басқарушысының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері бұрынғы жұмысшылармен, соның ішінде атыраулықтармен есеп-айырысулар жүргізілмеген.
– «Трансстроймост» АҚ-ның бүкіл бұрынғы жұмысшылары еңбекақы және еңбек келісімшарттары бойынша өтемақы төлеу, сонымен қатар әлеуметтік жарналар бойынша бережақтарын төлеу жөнінде талаптарын қоюлары керек, - деп түсінік берді жағдайға облыстық прокуратурадағылар.
Ол үшін «Трансстроймост» АҚ-на (Қапшағай қ., Промбаза, тел.: 8 (72772) 4-52-62, 2-65-04, 2-65-10) хат жазып, жеке бас куәлігінің, СТН, ӘЖК, зейнетақы келісімшартының, еңбек кітапшасының немесе еңбек келісімшартының көшірмелерін тіркеу керек.
23 қаңтарда алғашқы саттық өткізіліп, оған жеңіл және жүк көліктері, автобустар мен арнайы техникалар, барлығы 83 лот қойылды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА