Атырау, 29 мамыр 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +30
$ 445.68
€ 478.35
₽ 5.57

Қазақстанның құқық қорғау органдары лаңкестікке қарсы тұруға дайын емес

2 078 просмотра

Соңғы жылдары орын алған оқиғалар құқықтық тәртіп күштерінің Қазақстандағы лаңкестік және экстремистік қауіптерге қарсы тұруға дайын еместігін крсетті, деп санайды республиканың Бас прокуроры Асхат Дауылбаев. 

«Соңғы жылдардағы резонансты оқиғалар құқық қорғау күш құрылымдарының лаңкестік пен экстремистік қауіп-қатерлерге қарсы тұруға дайын емес екендігін көрсетті», - деді А.Дауылбаев құқық қорғау органдары басшыларымен өткізіліп жатқан кеңесінде.

Оның атап өтуінше, оған құқық қорғау органдарында болжау-сараптамалық және жедел жұмыстарының тиісті деңгейде болмауы, қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейлерінің төмендігі, материалдық-техникалық жарақтанудың халықаралық стандарттарға сай келмеуі басты себеп болуда.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

30 қаңтар 2013, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.