Қазақстанда дүйсенбі, 28 қаңтарда Астана уақытымен сағат 22.38-де болған жер сілкінісінің магнитудасы 6,6 құрады. Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 225 шақырым жерде орналасқан. Энергетикалық класы 15,1, тереңдігі 10 шақырым. МSК-64 (Медведева-Шпонхойера-Карника) шкаласы бойынша жерасты дүмпулердің қуаты Алматы қаласына 4-5 балды құрады.
Ақпартқа сәйкес, көршілес Қазақстанда болған жер асты дүмпулері салдарынан Қытайдың солтүстік батысында Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданның Іле-Қазақ автономиялық префектурасында 216 үй толық қираған. 7,4 мыңнан аса тұрғын құрылыстар мен 600-ден аса мал қоралар зақымданды.
Дереккөз: ҚазАқпарат