Биыл Атырау облысында жастар саясатын жүзеге асыру үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Оның 800 млн теңгесі көршілес Орал қаласының тәжірибесі бойынша - Атырау үшін жаңа «Жас Отау» өңірлік жобасының аясында 90 пәтерлік тұрғын үй құрылысына жұмсалмақ. Рас, үй салатын жер әзірге белгіленбеген.
Тағы 200 млн теңге қоғамдық көліктегі студенттердің жолын өтеу үшін бөлінген. Облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВТЫҢ айтуынша, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының (колледждер, лицейлер - КТУ) оқушыларына ай сайын олар қоғамдық көлікті пайдалана ма, жоқ па, соған қарамастан 1 300 теңге төленетін болады. Каникул кезінде, әрине, төлемақы төленбейді. Ал мектеп оқушылары мен зейнеткерлердің шүбә келтірген кондукторларға мектеп билетін немесе зейнеткерлік куәлігін көрсетіп, жеңілдікпен жүретіні белгілі.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА