Атырау, 11 желтоқсан 15:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Параның да түрі бар

5 372 просмотра

29 қаңтарда «Жайық Ақпарат» баспасөз клубында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) 2012 жылы жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша брифинг өткізді.

Олардың көпшілігі «АЖ» беттерінде жарияланған болатын. Брифингте кейбір қылмыстық істердің тергеу нәтижелері, сонымен қатар жаңа фактілер мәлім етілді.

2012 жылы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 333 қылмысты анықтаған. Сотқа 181 қылмыстық іс жолданды. Кәсіпкерлердің шағымдары бойынша бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларына қарсы 13 қылмыстық іс қозғалды, оның көп бөлігі (11) – пара алу фактілеріне қатысты.

Үш фирманың өкілінен біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытынды актісін беруде жалпы сомасы 5 400 доллар көлемінде пара алғаны үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы У. КАРИЕВ мүлкін тәркілеумен бірге 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды.

Атырау қалалық құрылыс бөлімінің бастығы С-ға қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол жобалау-сметалық құжатынсыз ЖШС-не Атырау қаласындағы коммуналдық баспанаға мансард қабатын салуға рұқсат беріп, сол үшін жылжымайтын мүлік – пәтер иеленген деп күдіктеліп отыр.

ІІД көші-қон полициясы басқармасы бөлімшелерінің бірінің бастығы қамауға алынды. Ол ЖШС әкімшісінен 150 мың теңге мөлшерінде пара алу кезінде ұсталды. Ақшаның орнына ол шетелдік азаматтарды тіркеу құжаттарын тез ресімдеуге және оған қоса жалпы қамқорлық танытып жүруге уәде берген.

Қалалық ТКШ бөлімінің қызметкерін 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Ол аңғал азаматтарға сыйақының орнына мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде еткен. Бірінен ол 500 литр бензинге талон алса, екіншісінен 6 мың долларды алыпты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 қаңтар 2013, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.