Атырау, 23 қараша 06:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Н.Назарбаев 31 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

3 168 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы түбіндегі әуе апатында адамдардың қаза болуына байланысты 31 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Ақордадан.

 «Жиынды бастамас бұрын кешегі қайғылы оқиғаны айтайын деп отырмын. Өздеріңіз білесіздер, Көкшетаудан ұшып шыққан ұшақ Алматы түбінде апатқа ұшырап, Қазақстанның 20 азаматы қаза болды. Мен марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтқан болатынмын. Азаматтардың қаза болуына байланысты ертеңгі күнді елімізде қаралы күн деп жарияладым. Болған оқиғаны зерттеп, қайтыс болған азаматтардың туғандары мен жақындарына көмек көрсететін комиссия құрылды. Қазаға ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Н.Назарбаев.

Дереккөз: bnews.kz

30 қаңтар 2013, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.