«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырауға ҚР ҰҚК Шекара қызметі қолбасшылығының өкілдері келіпті. Іссапар мақсаты –ресейлік шекарашылар анықтаған ірі есірткі партиясы (27 келі) неліктен еш кедергісіз біздің аумақ арқылы өтіп кеткен деген сұрақтың жауабын іздеу екен.
Бүгін хабарланғандай, «Ақсарай» бақылау өткізу қосынында астрахандық шекарашылар «Душанбе-Мәскеу» пойызында жолсеріктің купесіне жасырылған ең ірі көлемдегі (27 келіден астам) героин партиясын тапты.
Ал осыған дейін бірнеше сағат бұрын душанбелік пойыз Атырау облысының «Ганюшкин» шекаралық өткізу қосынында тексерілген болатын. Осыған қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.
Облыстық ҰҚК департаментіндегілер ресейлік шекарашылар жедел жөн сілтеу бойынша әрекет еткен деген жорамал жасап отыр. Алайда егер Душанбе-Мәскеу жолаушылар пойызының бұрыннан Қазақстанға және әрі қарай Ресейге өтетін басты есірткі трафигі деп есептелетінін ескерсек, біздің шекарашылардың дәйектері көңілге қонбайды.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА