Атырау, 29 қараша 22:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда букмекерлік кеңсе тоналды

3 629 просмотра

28 қаңтарда таңғы сағат 5-те Атырау ҚІІБ-не Алмагүл ықшамауданындағы букмекерлік кеңсенің тоналғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Бетперде киген тонаушылар төртеу болған. Олар ойыншық тапаншамен қорқытып, ғимаратқа баса көктеп кірген. Күзетші мен кассирді соққыға жығып, кассадан 100 мың теңгені алып кетіпті. Бұдан басқа, қызметкерлердің бірінің ұялы телефоны шабуылшылардың олжасына айналған. Олар өз «қаруларын» сол жерге лақтырып, бой тасалаған. ҚІІБ-де осы қылмысты ашу үшін жедел топ құрылды. ҚР ҚК-нің 179-бабы («қарақшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қаңтар 2013, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.