Атырау, 23 қараша 07:06
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«SCAT» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

1 942 просмотра

Алматы әуежайының маңында «SCAT» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура.

 
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 13 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алдын-ала мәліметтерге сай әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болған.

Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады.

Жедел тергеу және апаттық-құтқару шараларын жүргізу үшін оқиға орнына Бас көлік прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шықты.

Оқиға орны оқшауланды.

Оқиға мән-жайлары, сондай-ақ құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.

Дереккөз: inform.kz

29 қаңтар 2013, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.