Атырау, 27 сәуір 05:07
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

АМӨЗ-де өрт шықты (толықтырылды)

3 011 просмотра

Бүгін, 29 қаңтарда шамамен сағат 12-де АМӨЗ-дің АТ (мұнайды алғашқы өңдеу) цехында өрт басталды.

Біздің зауыттағы дереккөздеріміз хабарлағандай, өрттің алдында қатты гүрсіл естілген. Оқиға орнына өртке қарсы күрес қызметі мен ТЖ бригадалары жұмылдырылды. Өрт сөндірілуде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, АМӨЗ-гі өрт туралы дабыл «112» пультіне 29 қаңтар күні 12 сағат 02 минутта келіп түскен. Қоңырау шалушы №1 цехының ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы (атмосфералық құбырлы электрлі тұзсыздандыру қондырғысы) өртеніп жатқанын хабарлапты.

Алғашқы өрт сөндіру жасағы келген кезде сорғы орынжайы қызыл жалынға оранып жатқан. Өрт 12 сағат 32 минутта ауыздықталып, 10 минуттан кейін өшірілді. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, Азамат МАЙТАНОВ

29 қаңтар 2013, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.