Атырау, 3 маусым 17:59
 дождьВ Атырау +23.5
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 5 экипаж мүшесі мен 15 жолаушы болған

2 823 рет қаралды
Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақ бортында 5 экипаж мүшесі мен 15 жолаушы болған, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

«2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 13 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады. Алдын-ала мәліметтерге сай, әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болған», - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады.

Жедел тергеу және апаттық-құтқару шараларын жүргізу үшін оқиға орнына Бас көлік прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шықты. Оқиға орны оқшауланды.

Оқиға мән-жайлары, сондай-ақ құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.

Дереккөз: BNews.kz

29 қаңтар 2013, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.