Атырау, 26 қараша 00:04
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мексикада танымал музыкалық топ мүшелерін атып кетті

2 088 просмотра
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Мексиканың билік өкілдері мәлім еткендей, Нуэво-Леон штатының Мина муниципия ранчосында табылған 12 мәйіттің төртеуі танымал Kombo Kolombia тобының музыканттары екені анықталды.  

Тағы сегіз адамның жеке тұлғалары анықталу үстінде. Алдын ал жасалған болжамдар бойынша, олар да әйгілі ұжымның құрамында өнер көрсеткен, деп хабарлады РБК.

Kombo Kolombia тобының жоғалып кеткені 25 қаңтарда белгілі болды. EFE агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, музыканттар жеке концертке кетіп, қайта оралмаған. Кездесу орнын белгілеген жерде оларды қылмыскерлер ұрлап әкеткен.

Ұжымның бір қатысушысы қашып үлгерген. Ол полицияға жаппай кісі өлтіру оқиғасы болған жерді көрсетті.

Би-Би-Сидің мәліметтері бойынша, танылмаған сегіз мәйітті полиция құдықтан алып шыққан.

Ұжымда бас-аяғы 18 адам болған.

Дереккөз: inform.kz

29 қаңтар 2013, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.