Алматыда жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер аптай бойы жалғасуы мүмкін. Бұл жөнінде «Сейсмология институты» ЖШС хабарладймәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жер сілкінісінің эпицентрі тауда Нарынқол орталығында тіркелген. Жақын маңда Кеген және Нарынқолдан өзге елді мекен жоқ. Бізге қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Күшті жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер апта бойы, кеде бір ай бойы жалғасуы мүмкін. Олардың жиілігі әдетте біртіндеп бәсеңдей береді. Қазір барлық мамандар Нарынқолдағы оқиға орнында жұмыс жасауда. Ол ол жаққа түнде аттанып кетті», – деді «Сейсмология институты» ЖШС-да.
Бұған дейін «Сейсмология институты» ЖШС, «ҚР БҒМ ҒК ТӘСЭ» ММ, ҚР ТЖМ «Болжау» ҒӨК былай деп мәлімдеді: «2013 жылғы 16-22 қаңтар аралығындағы сейсмологиялық қадағалаулардың материалдарын қарастырып және талқалай келе, «Сейсмология институты» ЖШС, «ҚР БҒМ ҒК ТӘСЭ» ММ, ҚР ТЖМ «Болжау» ҒӨК-нің болжау комиссиясы φ=42о30′-44о00′N и λ=75о00′-80о00′Е координаттарымен шектелген Алматы болжамдық полигонының аумағында 2013 жылғы 24-30 қаңтар аралығында MSK-64 сейсмикалық шкаласы бойынша I≥7 балл қарқынды жер сілкіністері болмайды деп қорытады. «ҚР БҒМ ҒК ТӘСЭ» ММ мәліметі бойынша, көрсетілген кезең аралығында К≥9,6 көрсеткішті жер сілкіністер Қазақстан аумағында тіркелген жоқ. Қатты байқалған жер асты дүмпулері де болған жоқ».
Еске сала кетсек, 2013 жылғы 28 қаңтарда Алматыдан 227 шақырым қашықтықта күші 6,3 магнитуда болатын жер сілкінісі тіркелген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 22:38-де Алматы облысының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінген. Еуропа-Жерорта сейсмологиялық орталықтың мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері 10 км тереңдікке дейін байқалған. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 6,1 баллды құрады.
Дереккөз: bnews.kz