Аталмыш орталықтың ақпаратына сәйкес, зілзала ошағы Алматы облысының аумағында 20 шақырымдық тереңдікте орналасқан.
Алғашқы 6,1 балдық қуатты жерасты дүмпуі 29 қаңтарда Бейжің уақыты бойынша сағат 00.38-де сезілді. Кейін бейжіңдік уақыт бойынша сағат 00.46-да 3,4 балдық күшпен 13 метр тереңдікте екінші жерасты дүмпуі байқалды. 19 минуттан кейін 3 балдық күшпен төрт жерасты дүмпуі сезілді.
Жерасты дүмпулері, әсіресе Іле-Қазақ, Боротала-Моңғол автономды округтерінде және ҚХР-дің Ақсу Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында қатты сезілді. Қаза болғандар мен қираулар жөнінде ақпарат жоқ.
Дереккөз: inform.kz