АСТАНА, 29 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысында орын алған жер сілкінісінің салдарын анықтауда, деп хабарлады сейсенбіде журналистерге Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.
Қазақстанда дүйсенбі, 28 қаңтарда Астана уақытымен сағат 22.38-де болған жер сілкінісінің магнитудасы 6,6 құрады. Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 225 шақырым жерде орналасқан. Энергетикалық класы 15,1, тереңдігі 10 шақырым. МSК-64 (Медведева-Шпонхойера-Карника) шкаласы бойынша жерасты дүмпулердің қуаты Алматы қаласына 4-5 балды құрады.
«Алматыда қандай да бір нысандардың қирағандығы туралы ақпарат жоқ. Сонымен қатар Кеген мен Нарынқолда да айтарлықтай қирандылар орын алмады. Қазіргі уақытта әкімшіліктер мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жұмыс істеуде. Менің ойымша, түске қарай толық ақпарат болады», - деді В. Божко.
Дереккөз: newskaz.kz