Атырау, 27 желтоқсан 01:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ауылға арналған екі трансферт

1 689 просмотра

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруға қолдау көрсету үшін экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен 2013 жылға мақсаттық трансфертті бөлу мақұлданды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

80ауылдық және поселкелік округтерде қажетті жұмыстарды жүргізуге республикалық бюджеттен 224 млн 822 мың теңге бөлу жоспарланған. Бұлар - сумен қамту, денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу, көшені жарықтандыру, стихиялық қоқыстарды жою, балабақшаларды күрделі жөндеу, балалар алаңын орнату.

Тағы бір мақсаттық трансферт - 24 млн 355 мың теңге – «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен түседі. Ақшалар әлеуметтік саладағы жас мамандарды қолдауға арналған.

– Ауылға көшіп барып, жұмыс істеуге ниет білдіргендер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілетін болады, - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВ. – Қолдау көрсетуші бағдарлама шеңберінде бір жыл ішінде біз 201 маманды қаржыландыра аламыз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

29 қаңтар 2013, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.