2012 жылы инфляция деңгейі бойынша Атырау облысы орташа республикалық деңгейден асып түсіп, (Қарағанды облысынан кейін) екінші орынға тоқтады.
Бұл туралы облыстық статистика департаментінің директоры Ғалия МҰХАНҒАЛИЕВА хабарлады. Егер орташа алғанда Қазақстан бойынша өткен жыл үшін инфляция 6 пайызды құраса, Атырауда – 6,5 пайызды құраған. Ғ. Мұханғалиеваның айтуынша, бұл коммуналдық қызметтер тарифінің өсуі есебінен орын алған.
Оның қысқаша тарихы мынадай. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмыстық қоқыс шығару 20 пайызға көтеріледі. 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап «АтырауЭнергоСату» ЖШС сататын электр энергиясы 6 пайызға қымбаттады. Осы күннен бастап судың тарифі: тұтыну нормасынан аспайтындар үшін 13 пайызға, нормадан асатындарға – 31 пайызға, сонымен қатар кәріз жүйесі 9 пайызға және жылу тарифтері 28 пайызға шарықтап кетті.
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының тарифі (4 пайызға), жылу (15 пайызға) көбейді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ