Атырау, 26 желтоқсан 15:25
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Интернет арқылы телефон ақысын төлеуге болады

2 821 просмотра

21 қаңтардан бастап «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін еgov.kz электронды үкіметінің порталы арқылы төлеуге болады.

Бұл туралы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Тұрлан НҰРЖАНОВ хабарлады. Оның өзі, айтпақшы, қалалық телефон ақысын төлеген жаңа қызметтің алғашқы қолданушыларының бірі болыпты. Ол мұның түк қиындығы жоқ екендігін растап отыр:

Порталға тіркелгеннен кейін «Көлік және коммуникация» айдарына кіру керек. Парақтың сол жақ бөлігінде «Коммуникациялар» деген сілтеме пайда болады. Соны басқанда «төлемдер - "Қазақтелеком" АҚ байланысының қызметін төлеу" деген бөлім шығады. Телефон нөмірін енгізгеннен кейін төлем сомасын көрсету керек, ал содан соң банктік кәртішкенің мәліметтерін енгізеді.

«Қазақтелеком» АҚ қызметін төлеу үшін электронды-цифрлық қолтаңба қажет емес. Төлемнің төменгі сомасы 50 теңге, жоғарғы сомасы -99 000 теңге, комиссия ұсталмайды.

Бүгінде www.egov.kz электронды үкімет порталы 177 электронды қызметті, сонымен қатар 81 е-лицензиялау қызметін көрсетеді. Портал арқылы мемлекеттік алымдарды, баж салығын, салықтарды, айыппұлдар мен коммуналдық қызметтерді төлеуге болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 қаңтар 2013, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.