Атырау, 27 маусым 11:44
 дождьВ Атырау +19.9
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Түрмеде өзі-өзіне қол жұмсады

3 079 рет қаралды

26 қаңтар күні таңғы сағат 8-де Атырауда тергеу изоляторының камерасында жазасын өтеп жатқандардың бірі асылып қалды.

Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Дидар РАХИМБЕРДИЕВТІҢ айтуынша, таяуда 96-баппен («Кісі өлтіру») және 251-баппен («Қаруды заңсыз сақтау») ерекше режимдегі колонияда 15,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған 23 жастағы тұтқын өзі-өзіне қол жұмсаған.

Ол өлер алдында өліміне ешкімді кінәламауды өтінген хат жазып, жайма матасының қиындысына асылып қалыпты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қаңтар 2013, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.