2013 жылы ҰБТ сұрақтарының үштен бір бөлігі жаңартылмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Елбасының тапсырмасы бар, оны Сіздер жақсы білесіздер. Бірыңғай тестітлеудің форматы алдағы жылы өзгермей, сол қалпында қалады. Тек мазмұны 30-40%-ға өзертіледі. Оның ішінде біз логикалық сұрақтарға көп көңіл бөліп отырмыз», - деді Б.Жұмағұлов.
Оның айтуынша, келесі жылы ҰБТ жүйесіне жаңа пилоттық режим енгізіледі.
Дереккөз: bnews.kz