Атырау, 22 қараша 18:15
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мысыр Президенті көтеріліс болып жатқан қалаларға төтенше жағдай енгізді

2 570 просмотра

Мысыр Президенті Мұхаммед Мурси соңғы күндері жағдай тым ушығып тұрған Суэц, Порт-Саид пен Ислаили қаласына төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы ол мысырлық телевидениеде мәлімдеді, деп хабарлайды РБК ВВС-ге сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 30 күн мерзімге енгізілетін болады. Мұны үш күн бойы жалғасып жатқан тәртіпсіздіктерге мысыр билігінің жауабы деуге болады.

Суэц пен Исмаилидегі тәртіпсіздіктер Мысырдағы төңкеріске екі жыл толғанда, 25 қаңтарда басталды. Ел дамуының зайырлы жолын қолдайтын шерушілер полиция өкілдерімен қақтығысып, бірнеше адам көз жұмды.

Порт-Саидтегі тәртіпсіздікке 2012 жылдың ақпанында жергілікті стадионда жаппай тәртіпсіздікке шақырған футбол фанатының өлім жазасына кесілуі себеп болған. Жергілікті тұрғындардың полициямен қақтығысуы салдарынан 36 адам қаза болды.

Дереккөз: bnews.kz

28 қаңтар 2013, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.