26 қаңтарда сағат 17-де Дамбы селосы маңында Жайықты кесіп өтпек болған «Нива» көлігі мұз ойылып, суға батып кетті.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, ажал құшқан «Нива» жүргізушісі 26 жаста болған. Оның денесі екі сағаттан кейін судан құтқару қызметінің күшімен судан шығарылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
27 қаңтар 2013, 19:44