Атырау, 30 мамыр 15:50
 бұлттыВ Атырау +31
$ 444.45
€ 476.27
₽ 5.56

Астанада жаңа мұзайдынының тұсауы кесілді

2 209 просмотра

Спорттық кешен бұқаралық қолданысқа арналып жасалған. Сонымен қатар олимпиада ойындарының бағдарламасында бар қысқы спорт түрлерінен ұлттық құраманың жаттығу өткізетін орны болады.video 1

Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрек жанынан мұзайдыны бой көтерді. Аумағы 600 шаршы метрді құрайда. Сондай-ақ жабық спорт кешенінде көрерменге арналған 350 орын мен 2 жаттығу залы бар. Кешен халықаралық талаптарға сай салынған мұзайдынында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу орны болмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа мұз сарайы елімізде жаңадан дамып келе жатқан спорттың шорт-трек түріне арнайы жасалған. Енді ұлттық құрама барлық оқу-дайындық жұмыстарын осында өткізбек. Сонымен қатар еліміздегі шорт-тректі дамытуға Оңтүстік Кореядан бапкер шақыртылған. Шетелдік маман «осы алаңда жүргізілген дайындықтар арқасында 2014 жылғы қысқы олимпиададан Қазақстан құрамасы 1 медаль әкеледі» – деп уәде берді.

Дереккөз: bnews.kz

 

27 қаңтар 2013, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.