Атырау, 16 қаңтар 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Милош Земан - Чехияның жаңа президенті

2 537 рет қаралды
Чехияның жаңа президенті – Милош Земан Чехияның жаңа президенті – Милош Земан Чехиядағы президенттік сайлауда мемлекеттің бұрынғы премьер-министрі Милош Земан жеңіске жетті.

Ресми деректерге сүйенсек, Земан 54,8% дауыс жинаған. Бұл барлық 14 мың 904 сайлау бөлімдерінен алынған мәлімет. Оның басты қарсыласы – бірінші вице-премьер, Сыртқы істер министрі Карел Шварценбергке электораттың 45,19%-ы қолдау көрсеткен. Президенттік сайлаудың екінші кезеңіне келген дауыс берушілер саны 59,11%-ға жетті.
Айта кету керек, Земан 1944 жылы қыркүйектің 28-і күні Колин қаласында дүниеге келген. 1968 жылы компартия мүшесі болып, 1993 жылы Чехияның социал-демократиялық партия төрағасы болып сайланған екен.

Дереккөз: 24 KZ
27 қаңтар 2013, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.