Атырау, 27 желтоқсан 04:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қатардағы жауынгер мерт болды

2 555 просмотра
2035 әскери бөлімінде мерзімдік қызметтегі қатардағы жауынгер мерт болды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

2013 жылдың 24 қаңтарында Жамбыл облысында орналасқан 2035 әскери бөлімінде әскерге 2012 жылдың мамырында Ақтөбе облысынан шақыртылған мерзімдік қызметтегі қатардағы жауынгер М.Нұров көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынга, әскери қызметкердің өлімі механикалық тұншығу салдарынан болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Нұровпен бірге 2012 жылдың мамырында әскерге шақыртылған оның қызметтестерінің бірі абайсызда оған соққы тигізді, соның салдарынан Нұров жерге құлап, есінен талды. Қызметтесі оған көмектескісі келген, бірақ оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері сарбаздың өлімін тіркеді.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Әскери-тергеу басқармасы тергеу алдындағы шараларды өткізу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

26 қаңтар 2013, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.