Жоғары технологиялар заманында мұнай мен газ әлі де қауқарын жоғалтпапты. Америкалық энергетикалық алып Exxon Mobil Apple-ді артқа тастап, әлемдегі ең қымбат компания атағын өзіне қайтарып алды, деп хабарлайды "РИА "Новости".
Жұма күні Exxon акциялары 0,2%-ға өскен (1 акция - $91,51) және компанияның жалпы капитализациясы $417 миллиардты құрады. Бұған дейін бір жыл бойы тізімді бастап келген Apple акциялары 1,9%-ға ($441,78 - әр акция үшін) төмендеді, компанияның капитализациясы $415 млрд. құрады.
Дереккөз: ҚазАқпарат