Атырау, 29 қараша 22:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Балық қорғау қызметінің үш қызметкері ақталды

2 175 просмотра

17 қаңтарда Бас прокуратураның наразылығы бойынша Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасы балық қорғау қызметінің қызметкерлері Б. ҚАМЕТОВКЕ, М.ЖАНБАТЫРОВҚА және Г.ГОРБАЧЕВҚА қатысты олардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты үкімнің күшін жойды.

2010 жылы оларға қарсы ауыр салдарға апарып соқтырған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын. Олар табиғат пайдаланушылардан лимиттен тыс ауланған көксеркенің (761,9 тонна) келісін 20 теңгеден төлегендігі жөнінде құжаттар қабылдаған деп айыпталған еді. Ал үкімет қаулысына сәйкес төлемақы бір келі үшін 327 теңгені құрауы тиіс. 2010 жылдың 19 мамырында Б. Қаметов шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, М. Жанбатыров пен Г. Горбачев айыппұл төлеуге міндеттелген болатын. Апелляциялық сот сатысы мен Жоғарғы сот үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.

Бас прокуратураның баспасөз хабарламасында хабарланғандай, өткен жылдың 10 қазанында Бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВТЫҢ жеке қабылдауында болған осы үшеуі үкімнің заңдылығын тексеруді өтінген. Бас прокуратура қылмыстық істің материалдарын тексеріп, кассациялық наразылық енгізді. Бұл наразылықты Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасы толықтай қанағаттандырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қаңтар 2013, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.