Франция соты Twitter әлеуметтік желісінде антисемиттік сипатта хабар таратуға тыйым салды. Әлеуметтік желіде бұндай ақпарат тарататын адамдар туралы мәліметтерді беруді міндеттеді. Париж соты Францияның еврей студенттері одағынан келген шағымды қарастырғаннан кейін осындай шешім қабылдады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бұл мәселе 2012 жылғы көктемде «Твиттердің» француз сегментінде антисемиттік сипаттағы ақпараттың таратылуынан көтерілді. Бірқатар француз қауымдастығы билік пен «Твиттер» басшылығын ескерткеннен кейін, бұндай ақпараттың барлығы бірден өшірілді.
Енді алдағы уақытта заңға қайшы келетін «твит» пайда болғанда бірден құқық қорғау органдарына хабарлау мүмкіндігі бар жүйе іске қосылуы тиіс. Париж соты «Твиттерге» осындай жүйені ойлап табуды міндеттеді.
Дереккөз: bnews.kz