Атырау, 27 желтоқсан 03:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ақордада Қазақстанның қайтадан тағайындалған саяси мемлекеттік қызметкерлері ант берді

1 514 просмотра

АСТАНА, 25 қаң -Қазақстан жаңалықтары АА. Ақордада жұмада Қазақстанның қайтадан тағайындалған саяси мемлекеттік қызметкерлері ант берді деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ант қабылдағандар арасында премьер-министр Серік Ахметов,бірінші вице-премьер-министр, өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев, президенттің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров, президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов, сондай-ақ министрлер: еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев және Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдері бар.

Дереккөз: newskaz.kz

25 қаңтар 2013, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.