Атырау, 25 қараша 09:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бюджет қызметкерлері үшін ұзақ ай

1 818 просмотра

Бүгін, 24 қаңтарда қалалық №2 мектеп мұғалімдері «АЖ»-ға қаңтар айы жалақысының авансы кешіктіріліп жатқандығын хабарлады(оны әдетте әр айдың 10-жұлдызына дейін береді).

Оларды бәрінен бұрын ертең айдың 25-жұлдызы екендігі алаңдатып отыр. Бұл күні әр ай сайын «Энергосбыт Атырау-Жарық» ЖШС бақылаушылары мен монтерларының біріккен бригадасы борышкерлердің пәтерлерінен жарықты ажырату жұмыстарын бастайды.

- Жыл басында мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың кеш қаржыландырылатыны бізге жақсы мәлім. Бұл осы мерзімде олардың алдағы жыл бюджеті қазынашылық арқылы өтетіндігімен байланысты. Нәтижесінде кепілдік хаттарының негізінде біздің қызметіміз үшін төлемақы бюджеттен 5-10 ақпанда келіп түседі, - дейді «Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА.

Облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВ мұғалімдердің жалақыларының тек №2 мектепте ғана емес, бүкіл облыс бойынша кешіктіріліп жатқанын растады. Енді қазір білім басқармасы аванс ең болмағанда қаңтардың аяғына дейін төленуі үшін шаралар алуда.  

Қаңтардағы бұл құбылыс жыл сайын қайталанады. Егер мемлекеттік мекемелердің өздері кепілдік хаттары арқылы монополистердің «жазалау» шараларынан қорғалған болса, қатардағы бюджет қызметкерлері - қорғансыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

24 қаңтар 2013, 21:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.