Атырау, 8 қараша 20:05
 бұлттыВ Атырау 0
$ 492.22
€ 529.38
₽ 5.03

Пентагон әйелдер соғысқа қатыспасын деген шешімінен бас тартпақ

1 849 просмотра

Астана. 24 қаңтар. BAQ.KZ. Кеше Пентагон басшысы Леон Паннетта әйелдерге соғысқа қатысуға болмайды деген шешімін алып тастауға тапсырма берді. Дереккөздердің айтуынша, бұл шешімнің нәтижесі алдағы уақытта ресми түрде жарияланады.  

Өткен жылдың ақпанында Леон Панеттаның бастамасымен соғысқа қатысатын әйелдердің санын шектеу керек деген еді. Ол кезде әйелдерге 14 мың орын бөліп, соғысқа қатысуға рұқсат етті.
2012 жылдың қараша айында әскерде қызмет ететін төрт әйел сотқа шағымданып, Пентагонның соғысқа баратын әйелдердің қатарын шектеуі адам құқығын таптап отыр деген еді. Негізі, төмен етектілерді соғыстан шеттету әрекеті 2010 жылдан басталған еді. Бірақ, оларды жақтаушылар Ирак пен Ауғанстандағы әйелдердің соғысқа жұмылдырылып жатқанын алға тартып, өз мақсаттарына жеткен.
Ал, төмен етектілердің қолына қару алуына қарсы топтың айтуынша, әйелдер көп қиындыққа төзбейді. Олар соғысқа қатысқан соң, өздерін ерлермен тең алып жүруі тиіс. Алайда, бұл мүмкін еместігін айтады.

Дереккөз: baq.kz

24 қаңтар 2013, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.