Атырау, 25 қараша 09:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жатақхана күрелетін болды

2 270 просмотра

Сырдария көшесі, 5-үйде орналасқан ескі жатақхананың апатты ғимаратынан уақытша қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар жаңа үйлерден пәтерлер алатын болды («АЖ» №52, 27.12.2012 ж. - «Іргесі сөгілген жатақхана», «АЖ» №1, 3.01.2013 ж., «Астаналық сарапшылар не айтар екен?» жарияланымдарын қараңыз). Қазақ сейсмотұрақты құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары ғимаратты апатты және мекендеуге жарамсыз деп таныды.

Бұл туралы 24 қаңтарда облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ тұрғындардың жалпы жиналысында хабарлады:

– Біз түрлі мемлекеттік органдармен, соның ішінде прокуратурамен тұрғындарды көшіру мәселесін мұқият талқыладық. Ол жерде баспананың артық шаршы метрлерін төлеу, кейбір пәтерлерді жекешелендіруге қатысты кейбір заңды сұрақтар туындады. Заң бойынша жаңа баспана алаңға сай берілуі керек. Яғни, 35 шаршы метр алаңдағы бір бөлмелі пәтердің қожайындары осындай алаңдағы пәтерді алуы тиіс. Алайда қазіргі уақытта бір бөлмелі пәтер алаңы 45 шаршы метр болатын баспаналар салынуда. Сөйтіп, 1-3 адам тұратын пәтер қожайындары алаңы 45 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер, ал 3-6 адам тұратындар – алаңы 56 шаршы метр екі бөлмелі пәтер, 6-7 адам – үш бөлмелі пәтер, 11 адамға дейінгі үлкен отбасылар – 4 бөлмелі пәтерлер алатын болады деген шешімге келдік.

Қоныстанушылар тізімі дайын, жаңа пәтерлер басқа баспанасы жоқтарға беріледі: осындай 90 пәтер қожайыны тексеруден кейін 85 боп шықты. Төрт тұрғынның біреуден артық пәтері бар (заң бойынша, мұндай жағдайда мемлекет көмектесуге міндетті емес), ал бесіншісі – дүкен етіп жарақталған пәтердің қожайыны.

– Ол қалалық әкімдікті сотқа беруі тиіс. Сот шешімі арқылы біз оған өтемақы төлейміз, - деп атап өтті қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ.

– Біз қазір ешкімді айыптамаймыз, бірақ ескі ғимаратта сіздердің тараптарыңыздан заң бұзушылықтар болғаны құпия емес, - деп атап өтті облыс әкімі.

Тұрбалар мен жабын плиталарына жеткенге дейін арнайы қызмет қызметкерлерінің алдымен жертөлені тұрғындардың өздерінен көріп отырған үйілген қоқыстан тазартуға мәжбүр болғаны белгілі. 

 

 

 

 

 

 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

24 қаңтар 2013, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.