Атырау, 11 желтоқсан 19:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

ҚР Президенті Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын сынға алды

2 124 просмотра

АСТАНА. 24 қаңтар. BAQ.kz - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша игерілмеген қаржы көлемі қомақты. Соған қарамастан жоспарланған көппәтерлі үйлердің 30 пайызы жөндеуден өтпеген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше 2012 жылды қорытындылауға және «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін іске асыру мәселесіне арналған кеңесте осы мәселені жұмысқа жауапсыз қараудың нақты мысалы ретінде атап өтті.

- Өткен жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 17 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Әкімдіктер игере алмаған қаржының көлемі 2,5 миллиард теңгеге жуық.  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша игерілмеген қаржы көлемі 21 пайыз.  Бұл уақыт ішінде жоспарланған көппәтерлі үйлердің 70 пайызы ғана жөндеуден өтті. Сонда не болды? Ақша бар, бірақ соны игере алмай жатыр. Жалға берілетін тұрғын үйге кезек бар, бірақ оның жоспарланған құрылысы жүрмей жатыр. Неге бұлай болып жатыр? Бұл сұраққа кім жауап береді? Аймақтардың әкімдері мен бұрынғы  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі жұмысты аяғына дейін жеткізе алмады, ал жұрт зардап шегеді. Бұл жерде дағдарыстың ешқандай қатысы жоқ. Нақты бір шенеуніктердің жауапсыздығы мен сылбырлығынан болып отыр. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, – Өңірлік даму министрі Б.Сағынтаевқа бір ай мерзімде бұл проблеманы тексеріп, анықтауды және қабылданған шаралар жөнінде маған баяндауды жеке тапсырамын, - деді Қазақстан Президенті.

Дереккөз: baq.kz

24 қаңтар 2013, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.