Жергілікті команданың баскетболшысы және оның жолдасы Джонни Лейси 2010 жылдың сәуір айында отандасымызға шабуыл жасап, оның жақ сүйегін 16 жерден сындырған. Дәрігерлер Еркінге бірнеше пластикалық ота жасауға мәжбүр болған.
Тексеру амалдарынан белгілі болғандай, оқиға орын алған күні спортшылар университет аумағында серуендеп, ішімдікке сылқия тойған. Олардың бірі жолда кездескен кез-келген жолаушыны ұрып соғуды ұйғарады. Өкінішке қарай оларға кездескен бірінші жәбірленуші қазақстандық студент болып шықты.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, екі атлет шетелдікті себепсіз соққыға жыққаны үшін 20 жылға түрмеге тоғытылулары әбден мүмкін еді. Алайда американдық Фемида бұл ретте оларға «жұмсақтық» танытты. Бұған дейін қазақстандық студентке шабуыл жасаған екінші американдық 3 жылға бас бостандығынан және 12 жыл сынау мерзіміне тартылу жазасына кесілген болатын.
Дереккөз: inform.kz