Атырау, 22 қараша 18:41
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Саркози француз салығынан қашып, Лондонға кетпек

1 608 просмотра
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Фрацуз баспасөзінің мәліметтерінше, Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Лондонда инвестициялық қор ашпақшы.

Бұл оның артынша Лондонға келіп, социалдар үкіметі орнатқан бай француздарға қойылатын 75 пайыздық салықтан құтылуға жол ашатын көрінеді. Алайда экс-президенттің жақтастары бұл ақпараттарды жоққа шығаруда, деп жазады The Telegraph.

Француздық Mediapart басылымының елдің қаржы және өндіріс саласындағы құпия ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып жазуынша, Саркози қазір қорды құру бойынша келіссөздер жүргізіп, бұл іске 1 млрд. еуро (1,3 млрд. доллар) салуды жоспарлап жатқан көрінеді.

Қор құру туралы деректерді бұрынғы президенттің компьютерін тексеру кезінде полиция өкілдері тапқан-мыс. Ол деректер Саркози сайлауалды компанияны заңсыз қаржыландырды деген айыппен тәркіленген. 

Ал Саркозидің жақтастары оның Ұлыбританияға кетпек ойын да, онда қор құрмақ ойын да жоққа шығарып отыр. Қалай десек те, экс-президентке тексеріс әрекеттеріне байланысты ел аумағынан шығуға тыйым салынған.

Естеріңізге салай кетейік, Саркози Францияны 2007-2012 жылдар аралығында басқарды. Өткен жылдың мамыр айындағы сайлауда социалистер партиясының басшысы Француа Олландқа тағын түсіп берген.  The Daily Mail басылымының жазуынша, қызметінен кеткен соң ол халық алдында сөз сөйлеп, пайда тауып жүрген көрінеді. Оны мұндай сөз сөйлеуге шақырғандар сағатына 150 мың британ фунтын (240 мың доллар) төлейді екен.

Үкімет басына келісімен Олланд бастаған социалшылдар табысы 1 млн. еуродан асатын бай француздарға 75 пайыздық салық енгізген болатын. бұл әрекет ауқатты азаматтардың шет елдерге жаппай көшуіне әкеліп соқты. Атап айтар болсақ, ең бай француз Бернар Арно мен атақты актер Жерар Депардье Бельгияға кетпек болған. Соңғысы ақыры Ресейдің азаматтығын алып тынды.

Дереккөз: inform.kz

24 қаңтар 2013, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.