Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Сенатор Қасымов қазақстандық арнайы қызметтерді ТМД-дан ұшақтар сатып алмауға шақырды

1 815 просмотра

АСТАНА, 24 қаң -Қазақстан жаңалықтары АА.  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің АН-72 ұшағының құлауына байланысты Қазақстан парламенті сенатының депутаты Ғани Қасымов ТМД елдерінда шығарылған авиатехниканы сатып алмауға шақырды.

«Мен он жыл бұрын азаматтық ұшуларға қауіп төнген кезде мемлекет басшысының ТДМ елдері шығарған ұшақтарды сатып алуға тыйым салғанынан үлгі алып, бұл мәселені қарастыруды сұраймын, қазір бізде азаматтық флот бар: еуропалық аэробустар және американдық боингтар бар,  сөйтіп азаматтық ұшулардың мәселелері шешілді.  Енді осы ұстанымдарды саяси шешімдерді күтпей, жоспарлы түрде ІІМ, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, арнайы қызметтер, қауіпсіздік органдарына қызмет көрсететін ұшақтарға көшіру керек» - деді  Қасымов, бейсенбіде палатаның жалпы отырысында премьер-министр Серік  Ахметовтың атына жолдаған сауалында.

Дереккөз: newskaz.kz

24 қаңтар 2013, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.